Bugin
Фото. Жер сілкінісі. depositphotos.com
Сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 6 мамырда Алматы уақытымен 9 сағат 12 мин 44 секундта жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай Қазақстан мен Қырғыстан шекарасында 194 шақырым жерде орналасқан.
Ведомство жер сілкінісінің сезілуі туралы:
"Алматы облысының Кеген ауданының Кеген ауылында 2-3 балл, Қарқара ауылында 3-4 балл, Тоғызқұмалақ ауылында 3 балл",-деп мәлімдеме жасады.
Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.