Bugin

"Ант етемін": Бақытжан Байжанов соттағы соңғы сөзінде не айтты?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Bugin.kz

Бүгін, 6 мамырда Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысы өтті. Сотта айыпталушылар соңғы сөзін айтады,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Алғашқы боп сөзді айыпталушы Қуандық Бишімбаев сөйледі.

Кейін айыпталушы Бақытжан Байжанов сөз алды.

“Құрметті сот, құрметті алқабилер! Сіздерге соңғы сөзімді жеткізгім келеді. Маған тағылған жаңа айыпта “Байжанов қайғылы жағдай болатынын біле тұра деректерді жойып, қылмысты жасырғысы келді” деген кінә тағылды. Мен видео материалдарды өшіргенімді, киім әкелгенімді жоққа шығармаймын. Мен ант етемін, адам өлгенін білмедім. Түсінбедім және бұл жағдайлар сұмдық оқиғағаны жасыруға себеп болады деп ойламадым. Егер шынымен біліп тұрып істеген болсам, мен өз-өзімді кешірмес едім", - дейді Байжанов.


Еске сала кетейік, осыған дейін Қуандық Бишімбаев өзінің соңғы сөзін айтқан.

Судья 10 мамыр сағат 10:00-ге дейін үзіліс жариялады.