Bugin

Әлемдегі ең кедей елдердің тізімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Global Finance

Әлемдегі ең кедей елдер азаматтық соғыстан, этникалық және діни қақтығыстардан зардап шегіп жатыр.  COVID-19, инфляцияның өсуі және соғыс пен қақтығыстар – кедей елдердің жағдайын одан сайын нашарлатты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Global Finance журналының рейтингіне сілтеме жасап хабарлайды.

Рейтинг бойынша Қазақстан 190  елдің ішінде 128-орынға тұрақтады. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің көлемі – 34,5 мың АҚШ доллары.

Орталық Азия елдерінің ішінде Тәжікстан 43-орында ($5,8 мың доллар), Қырғызстан 48-орында ($6,8 мың доллар), Өзбекстан 68-орында (10,9 мың доллар), Түркіменстан 101-орында ($19,7 мың доллар).

Әлемдегі ең кедей елдер қатарына Оңтүстік Судан (455 доллар), Бурунди (916 доллар) және Орталық Африка Республикасы (1132 доллар) кіреді.