Bugin

"Бишімбаев ісі": келесі сот отырысында не болатыны хабарланды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: видеодан кадр

Экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша келесі сот отырысы 10 мамырда болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бүгінгі сот отырысында сотталушылар Бишімбаев пен Байжанов соңғы сөздерін сөйледі.

Келесі сот отырысы 10 мамыр сағат 10:00-ге шегерілді.

"Келесі сот отырысында алқабилердің қатысуымен сот шешетін мәселелерді талқылау және тұжырымдау өтеді", - делінген хабарламада.

ҚПК-нің 653-бабының 1-бөлігіне сәйкес сұрақтарды талқылау және тұжырымдау уақытында алқабилер сот отырысы залынан шығып кетедi.

Естеріңізге сала кетейік, күдікті Қ. Бишімбаевқа ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы, адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кiнәлi адамға материалдық жағынан тәуелдi адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылған.

Күдікті Б.Байжанов ҚР ҚК-нің 432-бабы "Қылмысты жасырып қалу"  бабы  бойынша айыпталып отыр