Bugin

Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанда 7, 8 және 9 мамырда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Метеорологтар болжамы бойынша, жақын күндері Өзбекстан аймағынан келетін жылы ауа массалары Қазақстанның барлық аймағына қысқа мерзімді, бірақ көптен күткен жылуды әкеледі. Республиканың солтүстігі мен шығысының кейбір аудандарында түнде салқын ауа температура сақталатынына қарамастан, 9 мамырға қарай термометрлер күндіз 20-28 градусты көрсетеді.

"Бірақ батыс аймақтарда тұрақсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік циклон әсерінен найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, кейін жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді", - делінген хабарламада.