Bugin

Ресей мен Қазақстан қатынасына байланысты Сыртқы істер министрлігі не айтты?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Қазақстан мен Ресей байрағы. depositphotos.com

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан-Ресей шекарасындағы қазіргі жағдайға қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Бүгін, Сыртқы істер министрлігінің Ресми өкілі Айбек Смадияровтың Астана қаласында брифинг өткізді. Оның айтуынша,  Crocus City Hall концерт залында болған терактіден кейін екі ел шекарасындағы жағдайда өзгеріс жоқ.

Ресми өкіл Айбек Смадияров:

"Достық, одақтастық және стратегиялық әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы көп қырлы мемлекетаралық ынтымақтастықтың үлгісі.

Ресейдегі, Мәскеудегі дипломаттарымыз жергілікті билікпен, Сыртқы істер министрлігімен, шекара қызметімен үнемі байланыста. Біздің азаматтар жаппай тұтқынға алынып, құжаты негізсіз тексеріліп жатқан жоқ. Егер, Ресейде азаматтарымызды тоқтатып, құжат тексерсе, бұл – қпуіпсіздік үшін жасалған әрекет",-деп жауап берді.

Ресей Қорғаныс ммнистрлігі Қазақстанмен шекара маңында ядролық қаруды қолдану бойынша оқу-жаттығу өткізеді. Жаттығу Астрахань және Волгоград облыстары аймағында өтеді. Ресей Қорғаныс министрлігі бұл әрекетті тек стратегиялық дайындық деп мәлімдеген. Хабарламада шараның батыстық шенеуліктердің Ресейге қатысты мәлімдемелеріне жауап  екені айтылған