Bugin

Қазақстандық дипломаттың әйелі 10 жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Мамаш Карина Госманқызы мен БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлы. "Не Молчи" қоры

БАӘ-дегі елшілік кеңесшісінің әйелі “Не Молчи” қорына хат жазып, көмек сұраған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі қордың ресми ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйел “Не Молчи” қорының басшысы Дина Таңсәріге:

“Дина, сәлем! Мен Мамаш Карина Госманқызы, БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлының жұбайымын. Мен 10 жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырағанымды мәлімдеймін... Күйеуімнің маған жасаған барлық қиянаты үшін дипломатиялық мәртебесінен айырылып, түрмеге жабылғанын қалаймын. Ол физикалық, жыныстық, эмоционалдық, экономикалық,  тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады”,-деп хат жазған.

Қор әйелді қорғап, ер адамды қылимыстық жауапкершілікке тартуды сұрады. Әйел мен балалары Қазақстанға қайтқысы келеді.  

 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жағдайға қатысты:

"Біз бұл қызметкерді шұғыл түрде Қазақстанға шақырып жатырмыз. Енді оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады", - деп мәлімдеді .