Bugin

Елімізде жаңа мереке пайда болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітіледі. Ашық НҚА порталына Туризм және спорт министрлігінің қаулы жобасы жарияланды, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Құжат 22 мамырға дейін ашық талқылауда болады. Жоба қабылданса, 2025 жылдан бастап Ұлттық кітап күні атап өтіледі.

Биыл Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар азамат ұсынған Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы бастаманы қолдайтынын жеткізген еді.