МӘДЕНИЕТ

"12 дүркін чемпион, рекордшы": қазақтан шыққан тұңғыш конькиші туралы не белгілі?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Bugin.kz / Айгерім Әділханова

Бүгін, 7 мамыр  —  қазақтан шыққан тұңғыш конькиші Ораз Қаңлыбаевтың туған күні. Bugin.kz тілшісі атақты спорт шебері туралы қызық деректерді ұсынады. 

Ораз Мұсағалиұлы Қаңлыбаев 1931 жылы 7 мамырда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында дүние есігін ашқан. 

Ол 1963 жылы Мәскеу мемлекеттік орталық дене тәрбиесі институтын (қазіргі Ресей мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университеті) аяқтаған.

1952-1953 жылдары 10 мың метрге сырғанауда және көпсайыстың қорытындысы бойынша әлемдегі 25 үздік спортшының қатарына еніп, бүкілодақтық рекорд жасады. Бұл  қазақ спортының тарихындағы айтулы жетістік.

КСРО құрамасының мүшесі Ораз Қаңлыбаев шетелдік спортшылармен бірге. 1950 жылдың ортасы

КСРО құрамасының мүшесі Ораз Қаңлыбаев шетелдік спортшылармен бірге. 1950 жылдың ортасы

Ол Республиканың әлденеше мәрте чемпионы, әрі рекордшысы. 

Конькимен алыс қашықтыққа сырғанаудан Қазақстанның 12 дүркін чемпионы атанып, ел рекордын 7 мәрте жаңартқан.

1998 жылдан бері Медеу мұз айдынында жыл сайын Ораз Қаңлыбаевты еске алатын жарыс өтіп келеді.

Фото: voxpopuli.kz

Фото: voxpopuli.kz

1978 жылы  шілде айының 5 күні Алматы қаласында қайтыс болды.  

Ораз Қаңлыбаевты өз заманындағы спорт сүйер қауым танығанмен, қазіргі замманның жастары аса біле бермейді. Қазақтан шыққан тұңғыш конькишінің спорттық мансабында жеткен жетістіктері көп. Ораз Қаңлыбаев кей жылдары спорттық журналистикамен де айналысты. Еліміздегі спорт тақырыбында қалам тербеп, жаңалық таратқан.