Bugin

Еліміздің ең бай адамдарының тізімі жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Вячеслав Ким. olympic.kz

 Қазақстанның ең бай 75 адамының тізімі жарияланды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Forbes Kazakhstan журналына сілтеме жасап хабарлайды. 

Рейтингте 54 жастағы Вячеслав Ким 5,8 миллиард доллар табысымен көш бастап тұр. Кәсіпкердің негізгі активі – Kaspi Magazin, Kaspi Bank, Kaspi Pay және Kaspi Travel кіретін Kaspi технология-қаржы компаниясы. Ким сондай-ақ Kolesa Group, Alseko, Allur Group, Magnum сауда желісі және басқа компаниялардың акцияларына ие.

Екінші орында 5 миллиард доллар байлығымен 57 жастағы Тимур Құлыбаев. Қазақстанның мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының "Kazenergy" қауымдастығының төрағасы. Тимур Құлыбаев – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы және оның ортаншы қызы Динара Құлыбаеваның күйеуі.

Үшінші орында Қазақстан Халық банкінің акционері, Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы және Тимур Құлыбаевтың әйелі 56 жастағы Динара Құлыбаева. Оның байлығы да 5 миллиард долларға бағаланады. Динара Құлыбаева тек үшінші бай адам емес, ол Қазақстандағы ең бай әйел.

Forbes Kazakhstan ТОП 10 рейтингі келесідей:

- $5,8 млрд - Вячеслав Ким;

- $5,0 млрд - Тимур Құлыбаев;

- $5,0 млрд - Динара Құлыбаева;

- $3,6 млрд - Владимир Ким;

- $3,3 млрд - Тимур Турлов;

- $2,7 млрд - Болат Өтемұратов;

- $1,5 млрд - Ибрагимовтар отбасы;

- $0,98 млрд - Нұрлан Смағұлов;

- $0,97 млрд - Сәрсеновтер отбасы;

- $0,92 млрд - Арсен Томский.