Bugin

Өткен жылы жоғалған азаматтың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Pixabay

Ер адам табыс табуға шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz-ке сілтеп.

Риддердің 36 жастағы тұрғыны Рамиль Ғазизов есімді азамат желтоқсан айының соңында үйінен шығып кеткен. Оның мақсаты қаладан 50 шақырым жерде орналасқан учаскеге ақша табуға болыпты.

Алайда ер адамның денесі табылды. Рамиль Ғазизовтың әпкесі бауырының учаскедегі орманға күзетші ретінде барғанын айтады. Артынша одан хабар болмай, жоғалып кеткен.

Тек вагоннан оның заттары мен шашылған әйнек сынықтары табылған. Жақында Рамильдің әпкесі оның денесі сол вагоннан шамамен жүз метр қашықтықта табылғанын хабарлады.

“Бірнеше күн бұрын түсіме Рамиль кіріп, өзін қайдан таба алатынымды көрсетті. Өрмелеп тұрып биіктегі шыршаға шықтым. Оның денесі сол жерде жатты. Біз оның киімін таныдық алайда әзірге сараптама нәтижелерін күтеміз”, – деді Рамильдің әпкесі.