БІЛІМ

Қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқыш кім?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: bugin.kz

Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары Қазақстаннан 1 миллионнан астам жауынгер ел қорғауға аттанған. Ерлермен қатар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова сынды қазақтың қайсар қыздары да соғыста жанқиярлықпен ерлік көрсетті. Bugin.kz порталы Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, батыр, қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқыш Хиуаз Доспанова жайлы деректерді ұсынады:

- Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы 15 мамырда Гурьев қаласында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген.

- Қарапайым балықшылар отбасынан шыққан Хиуаз бала кезінен ұшқыш болуды армандаған.

- Соғыс басталған жылдары тылда қызмет етіп, кейіннен ұшқыштар дайындайтын училищеге оқуға түскен.

- Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында әуе шайқастарына қатысып, түнгі бомбалаушы – ұшқыштар полкінде штурман қызметін атқарған. Әйгілі ұшқыш Хиуаздың талабын байқап, үміт артқан.

- "Қызыл жұлдыз", ІІ дәрежелі "Отан соғысы", "Еңбек Қызыл Ту" ордендерімен марапатталған.

-  Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші болған.

- Аспандағы шайқаста 300 рет болып, 14 рет ұшақтан құлаған.

- Төрт рет ауыр жарақат алғанына қарамастан, берілмей соғыс алаңына шығып отырған.

-  2004 жылы Президенттің жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген.

- Хиуаз Доспанованың құрметіне Эйр Астана әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағы аталған.

- "Атырау" халықаралық әуежайына, Ақтөбе, Алматы қалаларында көшелерге Хиуаз Доспанова есімі берілді.

- Қайсар ұшқыш 86 жасында 2008 жылы Алматы қаласында өмірден өтті. 

                                                          Дереккөз:el.kz

                                                        Материал авторы: Бану Әбдіғалиева