Bugin

Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos

"Қазгидромет"синоптиктері Алматы мен тағы екі қала тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"2024 жылғы 10 мамырда Алматы, Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауа ластануы мүмкін. Бұл қалалардағы ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына байланысты өзгереді", - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.