Саясат

Жылдың 100 ықпалды адамының есімдері жарияланды

Бұл Time журналының нұсқасы бойынша

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Америкалық Time журналы 2019 жылдың "100 ықпалды адамының тізімін" жариялады. Бұл адамдар "Көшбасшылар", "Әртістер", "Иконалар", "Пионерлер" және "Титандар" категориялары бойынша реттелген. Толық тізім Time журналының ресми сайтында жарияланды. 

"Көшбасшылар" категориясына АҚШ президенті Дональд Трамп, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Бразилия президенті Жаир Болсонару, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Рим Папасы Франциск және өзге де тұлғалар кірген.

"Әртістер" категориясында "ықпалды адамдар" тізіміне Дуэйн Джонсон, Рами Малек, Эмилия Кларк, Махершала Али сынды актелер және Ариана Гранде, Халид сынды әншілер кірген. 

"Иконалар" категориясына Тэйлор Свифт, режиссер Спайк Ли, суретші Дэвид Хокни және т.б. кірген. "Пионерлер" қатарына канадалық актриса Сандра О, ямайлық жазушы Марлон Джеймс, жапониялық теннисші Наоми Осака бар.

Ең соңғы "Титандар" категориясында египет футболшысы Мохаммед Салах, баскетболшы Леброн Джеймс, Facebook басшысы Марк Цукерберг, гольфшы Тайгер Вудстың есімдері аталған.

Time журналы бұл рейтингті ең алғаш 1999 жылы жариялаған. Журнал өкілдерінің айтуынша, бұл тізімге, әлемдегі оқиғаларға ең көп әсер ететін адамдар кіреді. Журнал редакциясының пікіріоқырман пікірлерімен тоғыспауы мүмкін.