Bugin

Атырау облысында су бөгеттерді бұзды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ҚР ТЖМ

Атырау облысында нөпір су бөгеттерді бұзып, елдімекендерге қауіп төндірді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Сарыөзек каналын су жарып, сай салаға жайылды. Жауапты мамандар дереу іске кірісіп, бөгетті қайта бекітті. Канал Махамбет ауданынан бастау алып, Атырау қаласы мен Еркінқала ауылдық округімен өтеді. 

Премьер-Министр бүгін Үкімет отырысында Су ресурстары министрлігі мен Атырау облысының әкімдігіне Жайық өзеніндегі су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды.

"Атырау облысында елдімекендерді су басып қалу қаупі сақталып отыр. Сондықтан тиісті құрылымдар тасқынға қарсы жұмыстарды жалғастыруы қажет. Әсіресе, Индербор және Махамбет елді-мекендеріндегі жағдайды ерекше бақылауға алу керек. Онда Жайық өзені қауіпті деңгейден асып кетті. Эвакуациялық бекеттер кез келген уақытта адамдарды қабылдауға дайын болуға тиіс. Күштер мен құралдар да сақадай сай тұруы керек",- деді Олжас Бектенов.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысынағы бір ауылға су тасқынының қаупі төніп тұрғанын хабарлаған едік.