Bugin

Бүгін – марқұм Салтанат Нүкенованың туған күні

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: әлеуметтік желіден

Бүгін, күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың туған күні, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Салтанат Нүкенова 1992 жылы 15 мамырда Павлодарда дүниеге келген. 2023 жылдың 9 қарашасында өзінің азаматтық некедегі жарының қолынан қаза тапты.

Тірі болғанда бүгін 32 жасқа толар еді.

Салтанат Нүкенованың өлімі тек Қазақстанда ғана емес, әлемдік деңгейде үлкен резонанс тудырды. Талай тұрмыстық зорлық-зомбылықтың беті ашылып, талай әйел өз құқығын қорғауға ұмтылды.  

Естеріңізе сала кетейік, 9 қарашада ұсталған Қуандық Бишімбаевтың кінәсі дәлелденіп, сот процесі аяқталды. Ол аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 24 жылға темір торға қамалды. Ал оның қылмысын жасыруға көмектескен Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды. 

Тағы да оқи отырыңыздар:

Бишімбаев жазасын қай түрмеде өтейтіні белгілі болды

Бақытжан Байжановқа сот үкімі шықты