Bugin

Қостанай-Алматы бағытындағы ұшақта жолаушы қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

FlyArystan әуе компаниясының KC7141 рейсі кезінде жолаушылардың бірі көз жұмды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Жолаушы ұшақта өзін жайсыз сезінген. Осыған байланысты ұшақ Астанаға шұғыл қонған.

Экипаж алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дәрігермен бірге стюардессалар дефибриллятор арқылы жүрек-өкпе реанимациясын жасаған.

"Командирдің шешімімен жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонды. Әуе компаниясының стюардессалары әуежайға келгенге дейін жүрек-қан тамырлары массажын жасады. Өкінішке қарай, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын растады", - делінген хабарламада.