Экономика

«Бақытсыз» экономикасы бар елдер тізімі

Bloomberg's Misery Index-тің 2019 жылға арналған рейтингі

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Венесуэла бесінші жыл қатарынан ең "бақытсыз" экономикалар рейтингінде көш бастап келеді, - бұл туралы Bloomberg's Misery Index-тің 2019 жылға арналған мәліметінде айтылған.

"Бақытсыздық" деңгейі алғашқы ондыққа бойынша Аргентина, ОАР (Оңтүстік Африка Республикасы), Түркия, Грекия, Украина, Уругвай, Испания, Бразилия, Сауд Аравиясы кірген. Агенттіктің мәліметінше, бұл елдердегі экономикалық қиындықтар, бағалардың өсімі және жұмыссыздықтың ұлғаюыжалғасып келеді.  

Индекс бойынша инфляцияның және жұмыссыздықтың төменгі деңгейі – белгілі бір елдің азаматтарының жақсы не жаман тұруының көрсеткіші болып саналады. Бұл жолы рейтинг экономистердің мәліметтеріне негізделген. Жалпы рейтингке 62 мемлекет кірген.

Ең "бақытты" экономикалардың басында Таиланд, екінші орында Швейцария, үшінші орынды Сингапур және Жапония елдері бөлісіп отыр.