Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: ҚР ТЖМ
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов жедел штаб отырысын өткізіп, учаскелерде кезекшілікті күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта нөпір су Махамбет ауданына келген. Бөгет астындағы ескі құбырлар тұрған жерлерге салмақ түсіп, су қатты қысыммен бөгеттерді жарып жатыр. Әкім қауіпті орындарға кезекшілікті күшейту керек екенін ескертті.
"Ендігі күшті Атырау қаласы қабылдайды. Қалада су аудандардағыдай жан-жаққа жайылып кетпей, бір арнамен өтеді. Қатты қысыммен келген су үлкен деңгейге көтерілуі мүмкін. Сарыөзек пен Соколок арнасы - қаланың негізгі қорғаныс құрылымы. Оқыс жағдай бола қалса, мамандар сол жерде болсын. Қалаға түсер салмақ көбейгелі тұр",- деді Шәпкенов.
Облыста 500 шақырымнан астам бөгет салынған. Қазір әртүрлі ұйымдардың 2000-нан астам қызметкері, әскери қызметшілер, еріктілер тәулік бойы кезекшілік атқаруда.