Bugin

Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Bugin.kz

Қазгидромет синоптиктері Алматы мен Қазақстанның тағы үш қаласының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

"2024 жылғы 21 мамырда Ақтөбе, Ақтау, Атырау және Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауа ластанады. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.