Спорт
Әдемі команданың әдемі жейдесі
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]«Ливерпуль» 2019/20 футбол маусымына арналған клубтың үйдегі жейдесін таныстырды. Бұл форма классикалық қызыл түсте алтын жолақтармен жасалған. Қақпашының жейдесінде алтынмен қапталған демеушінің логосы бар.
Жаңа форманың таныстырылымына төрт футболшы қатысты: Мохаммед Салах, Роберто Фирмино, Наби Кейта және Алиссон.
Айта кетейік, Юрген Клопп шәкірттері ширек финалда «Портуды» ұтып, жартылай финалға жолдама алған еді. Олар жартылай финалда Месси бастаған «Барселона» клубымен кездеседі.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61