БІЛІМ

Daryn Teacher компаниясы бұрын-соңды болмаған курс шығарды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фотоколлаж: Bugin.kz / Айгерім Әділханова

Daryn Teacher компаниясы Sing-Ed Global Schoolhouse компаниясымен бірігіп, Action Research курсын жасап шығарды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Action Research курсының пайдасы қандай?

Адам күніне орташа есеппен 35 мың шешім қабылдайды. Қабылдаған шешімдердің жүйелі болуы тұлғаның келесі әрекеттері мен жоспарына тікелей әсер етеді. Шешім қабылдау үшін адамдарға Action Research курсы көмек береді. Оны оқыған адам деректерді жинауды және талдауды, сондай-ақ нәтижелерді шешім қабылдау процесіне негіздеу және оң өзгеріс жасау үшін пайдаланылатын тергеудің жүйелі тәсілін меңгереді.

Курс жетекшісі кім?

Курс әзірлеуде жетекшілік еткен Энн Лоу  – UWA-да білім берудегі көшбасшылық және менеджмент магистрі және тұжырымдамаға негізделген оқу бағдарламаларын оқыту (CBCI) сертификатының иегеріОл – адамдардың кәсіби дамуына көмектесетін көп жылдық тәжірибеге ие. Жақында Энн Лоудың жетекшілігімен 6 модульдік онлайн зерттеу тәжірибесі курсы құрастырылды.

Курс сатылымға қашан шығады?

Курс сатылымы шілде айының екінші жартысында ашылады. Бұл курста барлық пәннің мұғалімдеріне қажет деректер бар. Педагогтер курс арқылы оқушылармен қарым-қатынас орнатуды да меңгереді.

Daryn Teacher-дің мақсаты?

Жобаны әзірлеген Daryn Teacher-дің негізгі мақсатымұғалімдердің біліктілігін арттыру арқылы еліміздегі  білім сапасын жаңа деңгейге көтеру. Платформа осы уақытқа дейін отыз мыңнан астам мұғалімге әртүрлі курстардан өтуге көмектескен. Қазіргі таңда осы мақсатқа жету үшін компания әртүрлі тақырыптағы 15 курс әзірлеген. Курстар мұғалімдерге жаңаша білім беруге, методикаларды көрсетуге, шабыт сыйлауға, білім алуға қызығушылығын оятуға ат салысады.

Серіктес Sing-Ed Corporation компаниясы туралы

Курс жасауда серіктес болған Sing-Ed Corporation (Sing-Ed) – 2018 жылы құрылған білім саласындағы жетекші инвестициялық холдинг. Sing-Ed Сингапур, Малайзия, Тайланд, Камбоджа және Гонконг САР сияқты аймақтағы беделді Invictus халықаралық мектептерінің портфолиосын  құрған.

P.S. Daryn Teacher компаниясының бұдан да өзге мұғалімдерге арналған курстарын мына сілтемеге өтіп көре аласыздар.