БІЛІМ

"Түркістан екі империяның билігі: отаршылдық және қуғын-сүргін" көрмесі

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: bugin.kz

31 мамыр  саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Атаулы күнге орай Орталық музейде “Түркістан екі империяның билігі астында: отаршылдық және қуғын-сүргін” халықаралық көрмесі ашылды. Бұл туралы bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Көрмеде Қазақстан мен Өзбекстанның қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлерімен қатар, С. Ходжанов, Ф. Зарипкызы, Т. Отарбаев, М. Мылтықбаев және т.б. фотоқұжаттары, Орталық музей қорынан А. Байтұрсынов, А. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Тынышпаевтың жеке кешендері, С. Сейфуллин, Х. Досмұхамедовтың музейлік заттары қойылды.


bugin.kz

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "Айтылған тарих" ғылыми зертханасымен бірлесе отырып Қазақстан және Өзбекстан мемлекеттерінің ғалымдарының қатысуымен "Орталық Азия елдеріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту барысы туралы: нәтижелері мен жалпы проблемалары" Халықаралық дөңгелек үстелі өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында Өзбекстан министрлер кабинеті жанындағы қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемлекеттік музейінің директоры, "Шаһидлар хотирасы" қоғамдық қорының төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессоры Бахтияр Хасанов "Реформы в новом Узбекистане по увековечению памяти интеллектуалов-просветителей, репрессированных во время тоталитарного советского режима", Абай атындағы ҚазҰПУ-дің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Мәмбет Қойгелдиев "Қазақстандағы саяси репрессияның себебі мен салдары", Өзбекстан министрлер кабинеті жанындағы қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемлекеттік музейінің бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы (PhD) Бахром Ирзаев "Перспективы совместных исследований истории репрессированных казахов, переселившихся в Узбекстан" және т.б. тақырыптық баяндамалар оқылды.

bugin.kz

Өзбекстандағы қуғын-сүргінге ұшыраған қазақтардың ақталуы, қыз-келіншектердің репрессияға ұшырауы, 1916 жылғы Түркістан көтерілісі, XX ғ. 30-жылдардың басындағы саяси репрессиялар, Кеңес өкіметі тарапынан жүргізілген этникалық қуғын-сүргіндер (депортация) туралы деректер жазылған тақтайшалар көрсетілді.

bugin.kz

bugin.kz

Музей қабырғаларында қуғын-сүргін туралы тарихтың әсерлі сәттері бейнеленген картиналар да ілінді. 
 

Б. Махкамов. "Диқандар мүлкін тәркілеу", bugin.kz
Б. Махкамов. "Диқандар мүлкін тәркілеу", bugin.kz
 
О.Муйинов. "Абдулла Кадиридің өлім жазасына кесілуі", bugin.kz
О.Муйинов. "Абдулла Кадиридің өлім жазасына кесілуі", bugin.kz
 
С.Рахметов. "Өзбек зиялыларының үйінде тінту", bugin.kz
С.Рахметов. "Өзбек зиялыларының үйінде тінту", bugin.kz


Сәкен Сейфуллинің жеке заттары. Bugin.kz

 

Cаяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш. Bugin.kz

Cаяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш. Bugin.kz

Іс-шараға қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Cаяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш. Bugin.kz

Cаяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш. Bugin.kz
 

Материал авторы: Ақжан Берікқызы