ҚОҒАМ

Мемлекеттік рәміздер – егемендік пен тәуелсіздіктің символы

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фотоколлаж: Bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек

Бүгін, 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Bugin.kz порталы еліміздің егемендегі мен тұтастығының символына айналған рәміздер туралы деректерді ұсынады. 

1992 жылы 4  маусымда төл тарихымызда тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітілді. 

“ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы” Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осыған сәйкес әр жылы маусым айының 4-і рәміздер күнін тойлаймыз. 

Мемлекеттік ту – ортасында нұрын төккен күн, астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудағы қыран – мәрттік пен өрліктің белгісі болса, шуағын шашқан күн – бейбітшілік пен бірлікті, тыныштықты сипаттап тұр. Мемлекеттік ту ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

senate.parlam.kz

senate.parlam.kz

Елтаңба – дөңгелек пішінді, шаңырақ түрінде бейнеленген. Шаңырақ – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Ол – татулық пен достықтың нышаны. Елтаңбаның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

senate.parlam.kz

senate.parlam.kz

Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында әнұран екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Әнұран – тұтас тарихты насихаттап, адамның бойына патриоттық рух беретін жыр. Әнұранның авторлары:

сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

senate.parlam.kz

senate.parlam.kz

Түрлі шараларда, спорттық ойындар мен шетелдегі жарыстарда еліміздің туы көкте желбіреп, әнұраны асқақтай шырқалғанда бойымызды мақтаныш сезімі кернейтіні рас. 

Сын сәттерден сынбай өткен қазақ үшін өз жері, өз шекарасы және ұлттық нақыштары  – нағыз байлық. 

Бұл күн, 4 маусым – ұрпақ арасында рәміздерді насихаттап, төл тарихымыздан хабар беретін күн болуы керек. Өскелең ұрпақ егемен елінің ұлттық нақыштарын біліп өскені дұрыс.