Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: freepik.com
2024 жылдың 6 маусымында синоптиктер Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ҚР аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай ойнап, аздап жаңбыр жауады. Күндіз батыс, солтүстік өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады.
"Елміздің оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс – желдің екпін алуы, күндіз батыс өңірде шаңды дауыл болады",- делінген хабарламада.
Сондай-ақ Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Қарағанды және Абай облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысының шөлейтті аудандарында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.