Bugin

Павлодар облысында суға батып кеткен жігіттің денесі іздестіріліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ҚР ТЖМ

Павлодар облысында 25 жастағы жігіт суға батып кетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

10 маусымда сағат 14-30-да Кенжекөл ауылында Ертіс өзенінде шомылуға жабдықталмаған жерде 1999 жылы туған жігіт суға батып кеткен.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі бір топ адам шомылуға жабдықталмаған жерде демалғанын нақтылады.

ТЖД құтқарушыларының күшімен іздеу жұмыстары жапай жүргізіліп жатыр.