Bugin

Елімізде сұйытылған газ бағасы қымбаттауы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

Қазақстанда сұйытылған газ бағасын өндіріс рентабельсіздігіне байланысты қайта қарау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Энергетика министрлігі 10 маусымда "Ашық НҚА" порталында Энергетика министрі бұйрығының жобасы жарияланғаны туралы хабарлады. 1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасына біршама түзету енгізу жоспарланған.  

Бүгінгі таңда сұйытылған мұнай газының бағасы оны өндірудің өзіндік құнынан әлдеқайда төмен. 

"Осылайша СМГ өндірісінің өзіндік құны тоннасына 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін өзгереді. Ал өңдеуші зауыттар үшін қолданыстағы шекті көтерме баға тоннасына 40 320 теңгені құрайды. Осылайша өндірілген әрбір тонна газдан зауыттар 20-30 мың теңге көлемінде шығынға ұшырайды", - делінген құжатта.

Жылдан жылға СМГ тұтынудың күрт өсуі байқалады. Өткен жылдың өзінде Қазақстанда тұтыну 2022 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға немесе 28%-ға өсті. Мәселен, 2023 жылы СМГ тұтыну көлемі 2,2 млн тоннаны құрады (2022 жылы 1,8 млн тонна).