Bugin

Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар бар

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: dzen.ru

Қарағандыда жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Облыста екі жүк көлігі соқтығып, салдарынан екі адам қаза тауып, төрт адам ауруханаға жеткізілді. 

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 10 маусым күні сағат 09:59 шамасында Алматы-Екатеринбург тас жолында екі MAN жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған.

"Жол апаты салдарынан жүк көлігінің бірінің 20 жастағы жүргізушісі мен 31 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екінші көліктің жүргізушісі мен бірінші жүк көлігінің үш жолаушысы (барлығы ересек адамдар) медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген хабарламада.