Bugin

Алматыда жоғалып кеткен балықшының жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Бейнеден скрин

Алматыда жоғалып кеткен балықшыны құтқарушылар өзен жағалауында әлсіреп жатқан жерінен тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары 1947 жылы туған ер адамды құтқару бойынша іздестіру жұмыстарын аяқтаған. Олар із-түзсіз жоғалған балықшыны екі күннен кейін өзен жағалауынан тапқан.

"Екі тәулік бойы құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен азамат жоғалған жерден 7 шақырым радиуста аэровизуалды іздестіру жүргізді. Жер үсті жұмыстары да жүріп жатты. Қараой ауылынан оңтүстік-батыс бағытында 30 шақырымнан астам жолды жаяу патруль аралады. Ер адамды тапқан кезде, ол әлсіреп өзен жағалауында жатқан болатын. Ол адасып кеткен екен", - делінген ТЖМ хабарламасында.