Bugin

Қару-жарақ зауытында жарылыс болып, бір адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: mesko.com.pl

Польшада "Меско" компаниясының қару-жарақ зауытында жарылыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Шетелдік БАҚ-та жарылыс салдарынан бір адам қайтыс болғаны айтылды. Одан бөлек, тағы бір адам зардап шекті.

Зауыт президенті Эльжбета Сренявская жағдайды растады.

"Бізде зымыран отынының орталығында жарылыс болды", - деді ол.

Скаржиско-Каменнадағы аудандық полиция басқармасының баспасөз хатшысы Ярослав Гвоздзь кейбір мәліметтерді нақтылаған.

"Жарылыс Мескодағы металлургия зауытының қоймаларының бірінде болды. Өкінішке орай, оқиға салдарынан 59 жастағы зауыт қызметкері қаза тапты", - дейді ол.