Bugin

Маңғыстауда әкесі мен баласы суға батып кетті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ТЖМ

Ақтауда жас жігіт суға батып, мертікті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ақтаудан 25 шақырым жерде «Шора» каналында 2003 жылы туған жас жігіт суға батып кеткен. 

Суға түсуге жабдықталмаған жерде шомылғандарды байқағандар ТЖД-ға хабар берген. Құтқарушылар суға батып бара жатқан ер адамды құтқарды. Өкініштісі оның 21 жастағы ұлын аман алып қалу мүмкін болмаған. Тұрғынның денесі жедел құтқару жасағының күшімен, жағадан шамамен 130 метр қашықтықта, 2,5 метр тереңдіктен табылды.

"ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады. Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды", – деп ескертті Төтенше жағдайлар министрлігінен.