Bugin

Аптап ыстықта су ішудің тәртібі қандай?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Pixabay

Аптап ыстықта дененің су балансын сақтау маңызды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Invitro сайтында керек кеңестер берілген.

Жазда ыстықтау, терлеу кезінде дене сұйықтықты тез жоғалтады. Сол себепті ағзадағы су балансын ұстау қиынға соғады.

Ыстықтағанда не шөлдегенде алкогольді сусындардан аулақ болу керек. Себебі алкоголь дененің қатты сусыздануын тудырады, жүрек пен қан тамырларына жүктемені арттырып, улануға әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ қантты газдалған сусындар, соның ішінде энергетикалық сусындарды ішу де ұсынылмайды. Қант және оның алмастырғыштары шөлдеу мен тәбеттің жоғарылауына әкеледі. Қапталған шырындар, дүкеннен сатып алынған жеміс сусындары мен квас, дайын салқындатылған шайлар да шөлді баспай, ағзадағы су мөлшерін толтырмайды. Мамандардың сөзінше, жазғы сусынның құрамында қант 1% -дан аспауы тиіс.

Тіпті ыстық күндерде де көп сұйықтық ішу ұсынылмайды. Ыстық мезгілде суды жиі ішу керек, бірақ сұйықтықты аз мөлшерде  қолданған дұрыс.

Су шөлді қандырып қана қоймайды, сонымен қатар ағзаның барлық мүшелері мен жүйелерінің жұмыс істеуіне, қоректік заттардың қорытылуы мен сіңірілуіне, қан айналымы жүйесінің жұмысына, дене температурасын реттеуге көмектеседі. Ал оны артық қолдану - бүйрек пен жүрекке стрессті күшейтеді.

Жазда шөлді қандыру минералды су ішкен дұрыс. Ол су мен минералды теңгерімді жақсы реттейді. Минералды суларды күнделікті ішуге болады.

Одан бөлек, компоттар, әсіресе үйде дайындалған қантсыз немесе өте аз қантпен, жеміс суымен, үйдегі жеміс шырындары пайдалы. Табиғи жемістер мен көкөністер шырындарды тәулігіне 1 стақан ішіп отыру керек.