Bugin

Батыс Қазақстанда аутизммен ауыратын бала 5 күннен бері табылмай жатыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: жоғалған бала. Батыс Қазақстан облысы ПД

Аутизм диагнозы бар 19 жастағы Игорь Исраилов 6 маусымнан бері із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Бәйтерек ауданы, Рубежинское ауылындағы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

Жоғалған күні Игорь қара футболка, көк спорттық аяқ киім киген. Жас жігіттің бойы 180 сантиметрдей, арық денелі, аққұба реңді, шашы қысқа болған.

Полиция Игорь Исраиловты іздестіріп жатыр.