Bugin

Ресей мен Финляндия арасында қандай мәселе туындады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: dpa/TASS

Ресей ұшағы Финляндияның әуе кеңістігін бұзды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Финляндияның Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кеше Финляндияның Сыртқы істер министрлігі X әлеуметтік желісінде Ресейдің Хельсинкидегі елшілігіне хабарласты. Ведомство оқиғаға түсініктеме беруді талап еткенін хабарлады.
Финляндия Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, ресейлік әскери ұшақ елдің әуе кеңістігіне 10 маусым күні таңертең кіруі мүмкін. Финляндия шығанағы аспанында, Ловиса қаласына жақын жерден күмәнді белгілер байқалған. Есептерге сәйкес, ресейлік әскери ұшақ ел аумағында 2 минуттай ұшқан. Содан кейін Финляндия шығанағының шығыс бөлігіндегі шекараны 2,5 шақырымға бұзған. Хабарламада ұшақтың түрі жайлы дерек айтылмаған.

Финляндияның қорғаныс министрі Антти Хаккянен:

"Біз шекараның бұзылуы туралы ақпаратқа қатысты тергеуді бастадық", - деді.