Bugin

Атырауда ер адам қартты аяусыз ұрып өлтірген (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Видеодан скриншот

Атырау базарында жол апатынан соң, ер адамды жас жігіт ұрып өлтірген. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Kozachkov offside парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиғаны мына сілтемеден көре аласыздар.

Марқұмның туыстарының айтуынша, базарда кішігірім жол апаты болған.  Амандық Сағынғалиев тізгіндеген газель Мұхтар Ахмедовтың ескі мерседес көлігінің есігін соққан. Ахмедов балағат сөздер айтып, жүк көлігінің жүргізушісін ұрып-соққан. Сонымен қатар күдікті қарсыласынан ірі және жас, әлі 40 жасқа толмаған.  Сағынғалиевтің жасы 70-ке таяп қалған.
Қарт "Мерседес" көлігінің иесін тыныштандыруға тырысқан. Тіпті сол сәт өзінде жөндеуге кететін шығынды өтейтін қомақты ақша бар екенін айтқан.  Бірақ Ахмедов сабасына түспей, қартты жазалағысы келген.
Видеода көрсетілген кадрларда Ахмедов үсті-үстіне соққы жолдағанын байқауға болады. Нәтижесінде кезекті соққыдан соң, қарт есінен танған.
Оқиға орнына бірінші болып марқұмның қызы жеткен. Ол әкесін  жедел жәрдем көлігіне орналастырып жатқанда, Ахмедовтың әкесін балағаттап жатқанын естіген.
Жәбірленушілердің арызы негізінде полицейлер тергеуді Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне – адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша жүргізуде. 
Амандық Сағынғалиевтің туыстарының айтуынша, күдікті бұрын сотты болған. Ол басқа ер адамды пышақтап кеткен. 
Марқұмның туыстары қылмыстық іс куәгерлерінің полицияға хабарласуын сұрайды.