Bugin

Алматыда алапат өрт шықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ТЖМ

Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан қоймалардың бірінен өрт шыққан. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

ТЖМ күштерімен жақын орналасқан объектілерге өрттің таралу қаупі қысқа мерзімде жойылған. Өрт сағат 10.40-та оқшауланып, 11.37-де жойылған. Зардап шеккендер жоқ.

Ведомство хабарламасында:

"Өртті сөндіруге жеке құрамның 50-ден астам адамы және 20 бірлік техника жұмылдырылды. Өртті сөндіру екі деңгейлі қоймада жанғыш материалмен қапталған металл есіктерді қолмен бөлшектеп тасумен қиындады",-делінген.