Bugin

Тұрғындар қайтарымсыз несие аламыз деп сан соғып қалған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

Түркістан облысының полицейлері қайтарымсыз несие алып беремін деп тұрғындарды алдаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде алаяқтық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы жергілікті тұрғынды анықтаған. 

"Белгілі болғандай күдікті әйел жәбірленушіден мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға көмектесетінің айтып, алдын ала 500 мың теңге ақшасын алған. Тексеру барысында тәртіп сақшылары күдіктінің дәл осыған ұқсас 3 жайтқа қатысы барын анықтады. Мұндағы жәбірленушілерге келген шығын көлемі 2,5 миллион теңгеге жуық",- делінген хабарламада.

Күдікті әйел алдау жолымен алған ақшаны жұмсап жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.