Синоптиктер Алматы мен тағы үш қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos

"Қазгидромет" синоптиктері Алматы мен Қазақстанның тағы үш қаласының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

"2024 жылғы 28 маусымда Алматы, Риддер, Өскемен, Павлодар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауа ластанады. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61