Bugin

5 рет беті ашылған келін елдің жағасын ұстатты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Видеодан алынған скриншот

"Көреміз" бағдарламасына Жетісайлық тұрғын хабарласып, басынан өткен қиын жағдайы туралы айтқан, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Райхан Жұманованың әпкесінің жаңа түскен келіні алаяқ болып шыққан. Берген қалың малды қалтасына басып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Анықталғандай, 20 жастағы Әсел есімді бойжеткен 2 жыл ішінде 5 әулетке келін болған. 

"Келін құтты болмады. Қиын болды. Әпкемнің үйіне түскен келін. Жиенім үйленген. Әселдің құрбысы сол ауылға келін болып түседі. Қайрат пен Әсел сол жерде танысады. 2 айдай сөйлесіп жүреді. Кейін келін болып келді", - дейді Райхан Жұманова.

Райхан Жұманова келінінің өтірігі қашан ашылғанын айтты. 

"Үлкен тойын жасауға 1 күн қалғанда осы жағдайды естідік. Менің әпкем мен жездеме Әселдің бұрын келін болып түскен үйіндегі адамдар хабарласқан. "Біз сан соғып қалдық, сендер де алданып қалмаңдар" деген. Бәріміз абдырап қалдық", - деді ол.

Райхан Жұманова алаяқ келіннің ісі әшкере болғаннан кейін, не істегендерін айтты.

"Бірден полицияға хабарластық. "Үйге келіп шу шығарудың қажеті жоқ, ертең салонға барады, сол жерден алып кетіңдер" дедік оларға. Ол ұлтын да жасырған. Өзбек екен",  - деді Райхан Жұманова.

Талайды сан соқтырған 21 жастағы қыздың құрбысы да сол күні із-түзсіз жоғалып кеткен.