Bugin

Қазақстанның екі облысында "апатты режим" жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: kartinki. pcs

Қазақстанның батыс бөлігінде электр энергиясының тапшылығына байланысты жарық жаппай өшті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Кеше, 9 шілде күні сағат 09:52 шамасында "KEGOC" АҚ жүйелік операторына Батыс өңірінде "апатты режим" жарияланған. Себебі  Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы қуаттың тапшылығы сезілуде.

Атырау облысындағы Махамбет, Қызылқоға аудандары мен Атырау қаласының сол жақ бөлігінде тұратын халық жарықсыз қалды. Сағат 15:33 шамасында жарықсыз қалған барлық аймақтар толықтай электр жарығымен қамтамасыз етілген.