Bugin

Мүгедек қызды жездесі зорлап келген

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

Адвокат Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне келген хаттың бірін жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Хат жолдаған әйел мүгелек сіңлісінің зорланғанын жазған. Қызды жездесі жылдар бойы зорлап келген.

"Сіңілім 2-топтағы мүгедек. Туғаннан сөйлемейді. Анам екеуі бірге тұрады. Өзі сияқты жігітке тұрмысқа шығып, жараспады. Қайтып келді. Біздің үйге анам екеуі келіп тұрады. Бірақ біраз уақыттан бері қарсылық танытатын дыбыстар шығарып, біздің үйге келгісі келмейтінін білдіріп жүрді. Назар аудармадық. Бірақ үйге келсе көңіл күйі болмай, қорқып отыратынды шығарды. Мен ойлана бастадым. Бір күні сіңілім үйде кезінде қарсылық танытатын дыбысын естідім. Жанымда күйеуім жоқ. Ол сіңілімді жылдар бойы осылай зорлап келіпті", - делінген хатта.

Хат иесі күйеуінің бұл ісін дәлелдей алмай жүргенін айтып, құқық қорғаушыдан көмек сұраған.