Bugin

Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

Синоптиктер алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Астанада:

11 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +27+29°С;

12 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +28+30°С;

13 шілде – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +29+31°С.

Алматыда:

11 шілде – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 3-8 жел соғады, найзағайдың екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +29+31°С;

12 шілде – көшпелі бұлтты, күндіз – қысқа жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, найзағайдың екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С;

13 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +32+34°С.

Шымкентте:

11 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа бұрылатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +35+37°С;

12 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +36+38°С;

13 шілде – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз +32+34°С.