Bugin

Теміржол қызметкерлері қандай жағдайда жұмыстан шығарылады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

Пойызға жолаушыларды билетсіз мінгізген қызметкерлер жұмыстан шығады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

ҚТЖ-да билетсіз жолаушыларды тасымалдау және жол жүру құжаттарын заңсыз сату фактілеріне қатысты тексеріс жүріп жатыр.  

Алматы-2 теміржол вокзалында билеттерді заңсыз қайта сату, осылайша қолдан билет тапшылығын туындату дерегі анықталды. Сондай-ақ, Шымкент станциясындағы тексеріс кезінде билетсіз жолаушыны тасымалдау фактісі анықталды. Ал "Шымкент – Астана" пойызының жолсеріктері билетсіз адамды белгілі бір сомаға алып жүруге келіскен.

Нәтижесінде пойыз бастығы мен жолсерік жұмыстан шығарылды, ал екінші жолсерік пен Шымкент станциясы учаскесі бастығының орынбасарына қатаң сөгіс берілді. 

  

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61