Bugin

Түрмеден шыққан ер адам әйелін үйімен қоса жағып жіберді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

Түрмеден шыққан тараздық тұрғын әйелін үйімен қоса өртеп жіберген, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Тараз қаласында тұрмыстық жанжалдың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Жантүршігерлік жағдай кеше кешкі 23:00 шамасында болған. Денесін 98 пайыз күйік шалған әйел ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, бүгін таң ата көз жұмды.

Ал әйелін қасақана өлтірген 54 жастағы азамат бұрын сотталып, жақында ғана түрмеден шыққан. Ол оқиғадан кейін өзіне қол жұмсап, сол жерде жан тапсырған.