ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Видеодан алынған скриншот
Жамбыл облысында жеңіл көлік танкке жол бермей, соқтығысып қалған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қорғаныс министрлігінің оқиғаның "Мәтібұлақ" оқу-жаттығу полигонының аумағында болғанын мәлімдеді.
28 тамызда гвардиялық гарнизонның "Мәтібұлақ" оқу полигонының аумағында жауынгерлік техниканың қозғалысы кезінде Mercedes автокөлігі жол ережесін бұзып, Т-72 танкімен соқтығысқан. Әскери техниканың қозғалатын жері "танкке жол бер" белгісімен жабдықталған", – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Көлік жүргізушісі жеңіл жарақат алды. Ауруханаға жатудан бас тартты және ведомство мәлімдегендей, ешқандай шағым түсірмеген. Қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.
ОҚИҒАНЫҢ ВИДЕОСЫН ОСЫ СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ!
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61