Bugin

ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: WildTicket Asia

Ауа райының нашарлауына байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«26-27 қыркүйек күндері нөсер жаңбыр жауып, таулы өзендерде су деңгейі көтеріледі. Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы мүмкін. Осыған байланысты қала қонақтары мен тұрғындарды тауға шықпауға шақырамыз», - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Сондай-ақ 112 қызметінің SMS-хабарламалары мен БАҚ-тағы ақпаратқа салғырт қарамауға кеңес берілді.

Осыған дейін синоптиктер 26 қыркүйекте Батыс Қазақстанда 2 градус аяз болатыны туралы ескерткен еді. 

«Солтүстік-батыс антициклон жырасы ҚР көп бөлігіне көбінесе жауын-шашынсыз, салқын ауа райын әкеледі. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөлімдердің әсерінен найзағаймен жаңбыр, жекелеген аудандарда қатты жаңбыр жауады.  Таулы аймақтарда да жауын-шашын, кей уақыттарда қар аралас жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі», - делінген Қазгидромет таратқан ақпаратта.