БІЛІМ

Бүгін — Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан атылған күн

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Bugin.kz

Бүгін, 27 қыркүйек — Ұлт көсемі, Алашорда ұлттық автономиясының тұңғыш төрағасы Әлихан Бөкейхан атылған күн.  Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды. 

ХХ ғасырдың басында қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын басқарған Әлихан Бөкейханға 1937 жылы  27 қыркүйекте "халық жауы" деген жалған айып тағылып, ату жазасына кесілген.

Әлиханға ең үлкен үш кінә тағып, ату жазасына бұйырған:

- 1917 жылы Алашорда үкіметін құрып, жаңадан құрылған қызыл үкіметтің саяси көзқарасы қазақтың қоғамдық-саяси өміріне қарама-қарсы екенін біліп, әскер жиып, әскерін қаруландырып, соғыс әдістеріне үйретіп, Кеңес өкіметімен соғысқаны үшін;

- Әлиханның енді дамуға бет алған Жапония үкіметінің таза ұлттық мемлекет құру үлгісін таңдап, сол жолда Алашорда үкіметін дамытпақ болғаны үшін;

- Ресей жерінен ауған Кольчак пен Анненковтармен т.б. қару-жарағы мен идеялары мықты Кеңес үкіметіне қарсы топтармен біріккені үшін.

"Тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын" деп Алаштың азаттығы үшін  ақтық демі үзілгенше күрескен тұлға Әлихан Бөкейхан халыққа қызмет көрсетудің үлгісін көрсетіп кетті.