ҚОҒАМ

Қазақстанда тағы бір әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ақтауда әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

39 жастағы сержанттың мәйіті 2024 жылдың 28 қыркүйегінде өз үйінен табылғаны атап өтілді.

"Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі ақпаратты растады. Биылғы жылдың 28 қыркүйегінде Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша қызмет ететін 1985 жылы туған әскери қызметшінің денесі табылды. Әскери қызметші бір жылға жуық уақыт декреттік демалыста болған. Алдын ала ақпарат бойынша әскери қызметшінің өзіне-өзі қол жұмсауына отбасылық-тұрмыстық жанжал негіз болған. Оқиғаның себептері анықталуда. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі.