ҚОҒАМ

Алматы облысында 14 жастағы оқушы қыздың денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com

Алматы облысы Талғар ауданының Өтеген ауылында 14 жасар қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Не молчи" қорына сілтеме жасап. 

Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол салған болуы мүмкін.

Алматы облысының полиция департаменті баланың өлімі жайлы ақпаратты растады.

– Аталған факті бойынша Талғар ауданының полицейлері қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп хабарлайды полиция.