Bugin

“Жалған жарнама”: Ер адам астаналық тұрғындарды сан соқтырып келген

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

Астанада ер адам жалған жарнамамен адамдардың ақшасын иемденген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

ІІМ анықтағандай, күдікті қала тұрғындарынан ақша жымқыру мақсатында интернет желісінде металл сөрелерді дайындау және орнату бойынша қызмет көрсету туралы хабарландыру жариялаған.

"Қылмыскер сөрелерді жасау сылтауымен азаматтар арасында өзінің шынайы ниеті туралы қате түсінік қалыптастырған. Өзіне жүгінген клиенттердің сенімін асыра пайдаланып, қаскүнем оларды алдап, бөтеннің ақшасын иемденген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 36 жастағы азаматты анықтап, ұстады” - делінген хабарламада.

Тергеу барысында ер адам өз кінәсін мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.